Облыстық клиникалық аурухана (Шымкент қаласы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Ғылыми-практикалық конференциясы


2022 жылғы 25-26 сәуірде Алматы қаласында "Онкологиядағы диагностика мен емдеудің жаңа стратегиялары" тақырыбыңда  халықаралық онкологтардың  қатысумен ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция өкпе обырын, сүт безі, АІЖ ісіктерін, сүйектер мен жұмсақ тіндерді диагностикалау мен емдеудің және онкоурологиядағы  өзекті мәселелері мен проблемаларына арналды.

Конференция жұмысына бас дәрігер Е.Е.Сұлтановтың басшылығымен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығының мамандары қатысты.

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы, Қазақстан онкологтары қауымдастығының президенті, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова кіріспе сөз сөйледі.

Конференцияда қатерлі ісіктердің дамуы мен эволюциясындағы ғылыми жаңалықтарға, обырды диагностикалау мен емдеудің заманауи медициналық технологияларына, дербестендірілген терапияның инновациялық әдістеріне, таргеттік терапия мен иммуноонкологияға, сәулелік терапияның жоғары технологиялық әдістеріне және онкохирургияның заманауи жетістіктеріне арналған тақырыптар қозғалды.

Ұйымдастырушылар:  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен Қазақстан Республикасының онкологтар қауымдастығымен бірлесіп.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу