Облыстық клиникалық аурухана (Шымкент қаласы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Гастроэнтерология бөлімі


        Гастроэнтерология бөлімшенің мамандары көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар Қазақстан Республикасында қабылданған емдеу стандартына сай жоғары деңгейде көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Бөлімшеде мамандандырылған көмек мынадай науқастарға көрсетіледі: бауыр аурулары (бауыр циррозы, алкогольді бауыр циррозы, біріншілік билиарлы холангит, токсикалық гепатит) сонымен қатар ішек аурулары (тоқ ішек жарасы, Крон ауруы).  Гастроэнтерология бөлімшесінде Крон ауруы, тоқ  ішек жарасы диагнозымен ем кабылдайтын науқастарды  2013 жылдан бері биологиялық препараттармен  емдейді.  Емдеу  барысында басқа дәрілерге  емдік нәтиже бермейтін  Крон ауруы, ток  ішек жарасы колит  ауруларына тағайындалады. Биологиялық препараттар: адалимумаб, голимумаб, инфликсимаб, ведолизумаб, устекинумаб  - деп аталатын дәрілермен жұмыс жасаймыз.

Стационарда гастроэнтерологиялық ауруларды анықтау мақсатында диагностикалық тексерулер мынадай аппараттармен жабдықталған: эластометриялық бауыр тексеруі-фиброскан аппараты, эндоскопиялық тексерулер: эзофагогастродуедоноскопия, фиброколоноскопия, іш қуыс мүшелерін ультрадыбысты тексеру, магнитті резонансты томография, компьютерлік томография, тоқ ішекті  виртуальді компьютерлік томографиямен тексеру.

Ас қорыту жүйесі органдарын емдеу барысында кешенді тәсілдер: диетотерапия, тағам режимі, физиоемшаралар, лапароцентез, емдеу стандартына сай дәрілік заттар пайдаланылады. Қазіргі таңда бөлімше 20-орынға арнайы жабдықталған, бөлімше меңгерушісі Сұлтан Н.Е.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу