Облыстық клиникалық аурухана (Шымкент қаласы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Ескерткіш тақтаны орналастыру


Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында дәрігерлер Худайбергенов Әбдіғани Әбдіразақұлына, Есенгелдиев Әшімхан Әріпбайұлына, Маханов Советке арналған ескерткіш тақтаны орналастыру іс-шаралары өткізілді.

Худайбергенов Әбдіғани Әбдіразақұлы - травматолог-ортопед, еліміздің үздік хирургтарының бірі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары біліктілік санатты дәрігер, көп жылдар бойы ортопедия бөлімшесін басқарды.

Есенгелдиев Әшімхан Әріпбайұлы - хирург, медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары біліктілік санатты дәрігер, көп жылдар бойы хирургия бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс жасады.

Маханов Совет - балалар травматолог-ортопед, жоғары біліктілік санатты дәрігер. 1969 жылдан 1999 жылға дейін облыстық клиникалық аурухананың балалар бөлімшесінде жұмыс жасаған.

Дәрігерлер, тәлімгерлер, мұғалімдер – өз өмірін медицинаға арнаған, аурухананың ғана емес, денсаулық сақтаудың дамуына баға жетпес үлес қосқан адамдар.  Бұл дәрігерлер әріптестер мен пациенттердің есінде мәңгі қалады.

    Ескерткіш тақтаның орналастыруына туыстары, жақындары, достары мен әріптестері қатысты.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу