Облыстық клиникалық аурухана (Шымкент қаласы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Инсульт бөлімшесі


Облыстық клиникалық ауруханасында сегіз жыл бұрын инсульт алған науқастарға толыққанды және уақтылы көмек көрсететін алғашқы мамандандырылған бөлім ашылды. 2016 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сарапшылары, оны республикадағы үлгілі инсульт бөлімшесі деп таныды. Енді біздің мамандарға тәжірибе мен біліктілігін арттыру үшін басқа облыстардан әріптестер келеді. Инсульт орталығы - 30 ерте оңалту, және 6 нейрореанимациялық төсектерден кұрылған.  Біздің мамандар Түркістан облысы мен ішінара Шымкент қаласының тұрғындарына жоғары мамандандырылған неврологиялық, нейрохирургиялық көмек көрсетеді. Жыл сайын 700-ден астам пациент ем алады, 80-нен астам операция (нейрохирургиялық және эндоваскулярлық операциялар) жүргізіледі. 

"Инсульт кезінде, ең бастысы оны алдын алудан бөлек, бұл жедел кәсіби медициналық көмек көрсету және пациентті ерте оңалту. Біздің мамандармен аймақтық инсульт орталықтары тұрақты байланыста. Шұғыл жағдайларда науқасты бізге жедел жеткізуді ұйымдастырамыз. 


Әрекеттер алгоритмі ең кішкентай нюанстарына дейін қамтылған. Өйткені, терапиялық терезе – маңызды алтын үш сағат ішінде инсульттің алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін көмектесу. Біз тромболизистік терапияны қолданамыз, ол организмді жүз пайыз қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Қарқынды терапия жүргізілгеннен кейін инсульттан кейінгі оңалту кезегі келеді. Емдік дене шынықтыру, тренажерлардағы сабақтар, массаж, электрофорез, лимфодренаж, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, эрготерапия, логопедпен міндетті сабақтар және псхологиялық қолдау сеанстары өткізіледі. Өкінішке орай, ауыр науқастар саны көбейуде және олардың жасы жасаруда. Мұның себебі - стресс, еңбек пен тынығу режимінің бұзылуы, қосалқы созылмалы жүретін аурулар, зиянды, дұрыс емес тамақ, артық салмақ және жаман әдеттер. Мерзімінен бұрын тоздыратын барлық нәрсе. Гиподинамия - аз қозғалатын өмір салты да негізгі себептердің бірі болып табылады, себебі қан айналым жүйесі бұзылады. Сондықтан дене шынықтырумен, спортпен шұғылданып, жиі жаяу жүру керек. Қорытындылай келе, 2016-2020 жылдар аралығында Жол картасының жедел инсульттарды басқарудың интеграцияланған моделін енгізу бойынша жұмысы Түркістан облысында инсульт қызметі дамуының оң динамикасы байқалғанын атап өткен жөн. Ай сайын инсульт қызметінің индикаторларына талдау және аудит жүргізілуіне байланысты, жұмысты бағалаудың нақты жүйесі пайда болды.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу