Облыстық клиникалық аурухана (Шымкент қаласы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Үшкіл нервтің микроваскулярлық декомпрессиясы


Түркістан облысында және Шымкент қаласында нейрохирургия бөлімінің дәрігерлері алғаш рет «Үшкіл нервтің микроваскулярлық декомпрессиясы» отасын жасады. Халық арасында таралу жиілігі 15 мың адамға шаққанда 1 адамға бағаланады. Көбінесе 50 жастан асқан адамдарда кездеседі, бірақ жастарда да болуы мүмкін. Қазіргі уақытта бұл дерттің себебі үшкіл нервтің ми бағанасынан бастау алатын жерде, патологиялық өзгерген тамырлармен немесе сирек жағдайда ісікпен қысу нәтижесінде пайда болады деп саналады. Ұзақ қысылу  нәтижесінде ми көпіріне жақын  іргелес нерв түбірі демиелинизацияға ұшырайды және науқастрада емделуі өте қиын өткір бет ауырсынуын береді. Қәзіргі таңда нейрохирургия бөлімінде кесусіз жасалатын «Радиотолқынды абляция» әдісімен бірге, кесіп жасайтын ашық ота түрі- «Ретросигмоидтты әдіспен микроваскулярлы декомпрессия» отасын сәтті орындап шықты. Отадан кейінгі толық дерттің жазылуы 95 пайызға дейін. Осындай оталар түрі бүгінгі таңға дейін тек Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жасалынып келген.


Клиникалық жағдай: Науқас К., 1972 жылғы 10 жылдан астам тригеминальды невралгиямен ауырады. Дертпен консервативті түрде невропатолог дәрігерінде және халық емшілерінде емделген. Соңғы айларда күніне 5-6 таблеткаға дейін Карбамазепин ішсе де бет ауырсынуы тоқтамады. Отадан кейін 6-шы тәулікте  науқас неврологиялық ауытқусыз, бет ауырсынусыз қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды.


Қәзіргі таңда науқастар жоғарыда айтып кеткен дертпен облыстық клиникалық ауруханада толық емделе алады.




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу