Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Бет - жақ хирургиясы


Құрметті Түркістан облысының және Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ЛОР бөлімшесі құрамында бет жақ хирургиясы тәулік бойы, облыс және қала тұрғындарына мамандандырылған, бет-жақ патологиясы бар науқастарға жедел және жоспарлы түрде көмек көрсетеді. Бет жақ аймағы бойынша бөлімшеде, бет жақ органдарына әр түрлі операциялар жасалынады. Оның ішінде Хейлопластика, Уранопластика, Френулопластика, әр түрлі аралас қатерсіз ісіктерді алу операциялары, туа біткен, жүре пайда болған жыланкөздерді алу, тіс жұлғаннан кейінгі гаймор қуысының тесілуі, түрлі асқынуларды алдын алу, жұмсақ және қатты таңдайдың даму аномалиялары, ерін аномалиялары, кезіндегі пластикалық операциялар. Бұрын тек республикалық орталықтарда жүргізілген операциялар енді біздің ауруханада да жүргізіліп жатыр. Бөлімшенің медперсоналы жақын және алыс шетелдерде оқытудан өтті. Қазіргі уақытта бөлімшеде отаға қажетті барлық қажетті құрал жабдықтар бар. Облыстық аурухананың бет-жақ хирург мамандары сізге МӘМС шеңберінде жоғары білікті көмек көрсетуге дайын, сонын бірі жақ-бет хирургі Туребеков Ерлан.



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу