Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Мастер-класс (бет-жақ хирургиясы)


Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының Лор бөлімшесі құрамында Бет-жақ хирургиясы тәулік бойы мамандандырылған Бет-жақ патологиясы бар науқастарға жедел және жоспарлы түрде көмек көрсетеді. Осыған орай жол апатынан жарақат алған науқасқа МӘМС шеңберінде операция жасалынды, науқастың бет-жақ аймағы  бірнеше сүйегінің қосарланып сынуы, айта кетсек, жоғарғы жақ сүйегі, мұрын сүйегі, бет сүйегі және көз асты сүйегінің ығысуымен сынуы, науқаста бет әлпетінің асимметриясы, визуальды қарағанда, жарақат алған бетінде көз алмасы және бетінің төмендеуі байқалады, ауыз қуысында тістесуі (прикус) жарақат себебінен бұзылған, ашық тістесу, жарақатты ескере отырып, Ауруханада мастер класс ұйымдастырылды, Өзбекстан Республикасының бет-жақ хирургтары мен бірге операция жасалынды. Операцияның ерекшелігі, интубациалы трубка ауыз қуысы және мұрын қуысынан өткізу мүмкін болмады, себебі операцияға кедергі болуына байланысты, интубациалы трубка тіл астынан иек (подбородок) арқылы сыртқа шығарылды, бет-әлпетінен кесілген жок, ауыз қуысы ішінен, субцилиарлы, жарақат алған жара орнынан кіріп, сүйек сынықтары, минипластинка, микровинттер, титанды сетка көмегімен, тістесуі (прикус), көз асты сүйегі, мұрын, бет сүйегі қалпына келтірілді. Операциядан 6-күннен кейін науқасқа КТ - суреті түсірілді, сүйек сынықтары толық қалпына келтірілген, орнында, науқас дән риза, жағдайының жақсаруымен үйіне қайтарылды.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу