Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Тамыр хирургиясы бөлімі


Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының қан тамыр хирургия бөлімшесінде МӘМС шеңберінде аортобифеморальді шунтының шеткері (дистальді) анастамоздарының аневризмасына ота жасалды. Науқас Т. 61 жаста, Ташкент қаласында қолқа - аяқ тамырларының атеросклерозы бойынша 2019 жылы «аортобифеморальді аллошунттау» отасы жасалынған. Қан тамыр анастамоздарының аневризмасы реконструктивті оталарының алыс асқынулары өте сирек кездеседі (8% көп емес), себептері әлі толық зерттелмеген. Науқасты соңғы 1 жыл көлемінде аяқтарының ауыруы, мұздауы және екі жақты шап аумағында ырғақты ісіктер мазалайды. Науқас медициналық көмекке жүгінбеген, бірақ соңғы тәулікте ауруының күшеюіне, аяқтарындағы қимыл мен сезімталдықтың болмауына байланысты жедел жәрдем шақырып, Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Зерттеулерден кейін, қан тамыр хирургия бөлімше меңгерушісі  Рыжков А.Г. және  бөлімше дәрігерлері Полатбек О.А., Таңірбергенов Ж.К., Садуов Н.А., Жаппар М.Н. құрамында консилиум жүргізіліп, «үздіксіз аутотрансфузиялық жүйесі Fresenius C.A.T.S.plus» аппаратының көмегімен жедел ота өткізу шешімі қабылданды. Ота кезінде: анастамоздардың шеткері бөлігінің бранштары мен артериялардың тігістерінің ажырауы анықталды, Vascutek протезімен қайта протездеу жасалды. Отадан кейінгі мерзімі асқынусыз, пульсация екі аяқта да барлық деңгейде қанағаттанарлықтай анықталады, аяқтың қимыл-әрекеттері, сезімталдығы толықтай өз қалпына келді. Науқас қанағаттанарлықтай жағдайда үйге шығарылды. 

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу