Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Бүйрек тастарын алудың әдістерінің бірі


Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасында бүйрек тастарын алудың кең тараған әдістерінің бірі мини-перкутандық нефролитотрипсия кеңінен енгізілген. Бұл лазердің тікелей әсерінен тасты жоюға бағытталған аз инвазивті операция. Әдіс үлкен және  маржан тәрізді бүйрек тастарына қарсы тиімділігін көрсетті. Эндоскопиялық тасты алу әдістерімен қатар бүйректен және несепағарлардан лапароскопиялық тас алу да қолданылады.     

    Алдын ала консультациядан кейін, урология бөліміне жоспарлы түрде науқас түсті, оған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде несеп тас ауруының хирургиялық емдеу жоының заманауи аз инвазивті әдістерін қолдану арқылы бірегей ота жасалған. Науқас Сарыағаш ауданынан сол бүйректің маржан тасы диагнозымен түсті. Оң жақ несепағар тасы. Оң жақты уретерогидронефроз. Уақытылы хирургиялық емделмеген жағдайда науқасты қайтымсыз екі жақты бүйрек зақымдануы күтті, бұл өз кезегінде мүгедектікке және жұмыс қабілеттілігін жоғалтуына әкелуі мүмкін.

Бірінші кезеңде зәр шығаруды қалпына келтіру мақсатында оң жақ несепағардың төменгі 1/3 бөлігіне  лапароскопиялық уретеролитотомия жасалды,  яғни тері мен бұлшықеттерді кесуге жүгінбестен. Тесіктер арқылы эндоскопты және ультрадыбыстық лигаторды пайдаланып уақытша оң жақ бүйрекке стент катетерін орнату арқылы көлемі шамамен 3 см болатын тас жойылды. Оң жақтағы стент катетерін алып тастағаннан соң 6 аптадан кейін науқасқа «гольмиум лазерінің» көмегімен сол жақ бүйректің бүкіл тостағанша-табақша жүйесін толтырған үлкен тасқа мини-перкутандық нефролитотрипсия жасалды. Науқас келесі күні өз-өзіне күтім жасай алатындай болып, 5 күннен кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды.    

    Мини-перкутандық нефролитотрипсия және лапароскопиялық операциялардың тиімділігі 95% құрайды, сонымен қатар бүйрек пен абдоминальды жүйе аз жарақат алады. Асқынулардың ықтималдығы өте аз. Операциядан кейін науқасты тұрғылықты жері бойынша емханада маман бақылайды. Бұл тәжірибелі дәрігер болғаны маңызды.

    Сонымен қатар урология бөлімінде тастың химиялық құрамын анықтау және несептің урокиназалық белсенділігін, несептегі кристалдардың түзілу жылдамдығын анықтау және қайта түзілудің профилактикасы үшін литолитиктерді таңдау әдісі енгізілген. 



Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу