Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Микрохирургия: клиникалық жағдай


ОКА офтальмологиялық бөлімшесіне 1991ж.т. К. науқас оң көзінің көзішілік бөгде зат түсуімен көз алмасының өтпелі жарақаты диагнозымен шұғыл түрде келіп түсті. Көз ішілік бөгде заттын Комберг-Балтин әдісі бойынша орбита рентгенографиясы және көздің ультрадыбысты зерттеулері арқылы орналасуын анықтағаннан кейін, шұғыл түрде оң көзіне «трансклеральды көз ішілік бөгде затты магнитпен алу» (склера қабаты арқылы) операциясы жасалынды.  Операция көзішілік бөгде заттың көздің арты полюсіне (тор және тамырлы қабаттар) жақын болуымен және өлшемі бар болғаны 1-2 мм болуымен байланысты қиындық туғызды. Офтальмохирургтер мен функционалдық диагностика кабинетінің дәрігерлерінің біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында, операция сәтті өтті, бөгде зат уақтылы алынды. Науқаста көру қабілеті толық орнына келіп, тұрғылықты жері бойынша амбулаторлы бақылауға шығарылды. 




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу