Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

"Тізе буынының эндопротезінің заманауи импланттары" тақырыбында мастер-класс


19.01.2022 ж. Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінің жағдайында "Тізе буынының эндопротезінің заманауи импланттары" тақырыбында мастер-класс өткізілді, онда буынының жаңа "XN" импланты таныстырылды. Бұл эндопротездің ерекшелігі - тізе буынының эндопротездерінің алдыңғы нұсқаларының кемшіліктерін ескеріп, нақты жағдайға негізделіп компоненттердің жеке осы жағдайға байланысты таңдау мүмкіндігі, эндопротезді орнатуға арналған заманауи және жетілдірілген құрал. Мұның бәрі операция уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, МӘМС аясында қосалқы патологиялары бар, Паркинсон ауруының ауыр түрі мен  ауыратын  63 жастағы пациенттын, тізе буынын қазіргі заманғы имплантқа ауыстыру операциясы жүргізілді. М.Ғ.Д., Мәскеу қ. РУДН кафедрасының профессоры Д. В. Римашевскийдің қатысуымен буынға жаңа "XN"  имплантын орната отырып, артроздан зардап шеккен тізе буынын ауыстыру операциясы жүргізілді. Операция сәтті өтті. Болашақта Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесі  ірі  буындардың жаңа импланттарын енгізуді және кеңінен қолдануды жоспарлап отыр.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу