Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Қалпына келтіру және медициналық оңалту бөлімшесі

Облыстық клиникалық аурухананың тәулік бойғы 30 төсекке арналған «Қалпына келтіру және медициналық оңалту» бөлімшесі 2020 жылдың 5 қаңтарында ашылған. Мұнда  «неврология және нейрохирургия», «травматология және ортопедия», «кардиология және кардиохирургия» бейіндері бойынша жедел инсульттен, миокард инфарктінен, жарақаттанудан және ми мен жұлынға хирургиялық араласулардан, ірі буындарды эндопротездеуден кейінгі 9-айында науқастарға  медициналық оңалтудың екінші кезеңі жүргізіледі.

Мультитәртіптік, кешендік және жеке даралық  тәсіл  бөлімшенің негізгі принциптері болып табылады.  Мұнда невропатолог, ортопед- травматолог, кардиолог, оңалту дәрігері, эрготерапевт, емдік дене шынықтыру  нұсқаушыларынан  құралған  мультитәртіптік  топ мамандары науқастарды түскен сәттен бастап тексеріп, мәселелерді анықтайды, оңалту мақсаттарын қойып, оңалтудың жеке жоспарын құрайды.


Қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтудың негізгі әдістері кинезотерапия (емдік гимнастика), тыныс алу жаттығулары, физиотерапия және массаж ем шаралары,   оңалту жабдықтары (механотерапия) бойынша сабақтар, эрготерапевт және логопед сабақтары өткізіледі. 

Ол үшін бөлімшеде  науқастарға толыққанды медициналық оңалту жүргізуге жамбас және тізе буындарын жетілдіруге арналған «ARTROMOT» тренажёры, шынтақ пен иық буынының буындары мен бұлшықеттерін дамытуға арналған    «NS-WL-TH660C» иық жаттығу тренажеры,  «HAND TUTOR» биологиялық кері байланысы бар қолды қалпына келтіру жүйесі, баспалдақтарының биіктігі электронды түрде реттелетін жүруді үйрету және дұрыс жүру стереотипін қалыптастыруға арналған  «Альтерстеп» тренажеры, табанның тіреу қызметіне еліктейтін «KORVIT»  симуляторы  және басқа оңалту құралдарымен жабдықталған жеке жаттығу бөлмесі, массаж, эрготерапевт, логопед бөлмелері жұмыс істейді.


Бөлімше физиоемдеудің  электротерапия, магнитотерапия, ультрадыбыстық терапия, ем-шаралар және бұлшықетті электрлік стимуляциялау жұргізу үшін қажетті құрал- жабдықтармен қамтылған.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу