Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Соққы толқынды терапиямен өкше шоғырын (пяточная шпора) емдеу.


Өкше шоғыры немесе плантарлық фасциит - кәзіргі кезде халық арасында кең тараған ақаулардың бірі. Бұл өкше мен аяқ аймағында қатты ауырсынумен бірге жүретін ауру. Ауырсыну таңертен пайда болады немесе жүктемеден  кейін күшееді. Асқынған кезде науқас өкшеге баспауға тырысады соның салдарынан  анатомиялық түрде мұндай функционалды өзгеріске арналмаған буындарға, сіңірлерге,байламдарға үлкен жүктеме түсіп  нәтижесінде тірек қимыл  аппаратының  патологияларына алып келеді.

Өкше шоғырын емдеу үшін әртүрлі емдеу әдістері қолданылады солардың ішінде инновациялық емдеудің ең қауіпсіз және тиімді әдісінің бірі ретінде соққы толқынды терапия әдісі  болып саналады.

УВТ әдісінің артықшылықтары

Соққы толқынды терапия  өзін өкше шоғырын емдеудің ең тиімді және қауіпсіз әдісі ретінде көрсетті. Тірек-қимыл аппараты ауруларының алдын алу және емдеу мақсатында осы процедураны жүргізу тәжірибесі УВТ-ның көптеген артықшылықтарын анықтады, оларға мыналар жатады:

- жоғары тиімділік, бірінші процедурадан кейін  ауырсынуды азайту

- қауіпсіздік және асқынулардың болмауы

- тек патологиялық фокусқа әсер ету

- емдеу ауруханаға жатқызуды қажет етпейді

- сеанс уақыты 10-30 минутқа деін.

Өкше шоғырын соққы толқынды терапиясы қалай жүзеге асырылады

УВТ процедурасы қажетті жиіліктің ультрадыбыстық толқындарын жасайтын арнайы құрылгының көмегімен жүзеге асырылады. Соққы толқынды терапиясының маңызды ерекшелігі - ультрадыбыстық толқындар сау жасушалар мен тіндерге теріс әсер етпейді. 

Біздің Облыстық клиникалық ауруханасында өкше шоғырын (плантарлық фасциит) емдеуді қала және облыс бойынша тек бізде ғана бар  жоғары технологиялық  швейцариялық өндірістің « Duolit», «BTL» аппаратында жүргізіледі. Сондай-ақ жоғары білікті мамандар емделушінің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, емдеу- профилактикалық шаралар кешенің әзірлейді, бұл аурудың қайталануын болдырмауға мүмкіндік береді. Ем шара Облыстық клиникалық ауруханасының физиотерапия бөлімшесінде жүргізіледі. 


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу