Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Торакотомиясыз торакоскопиялық операция


Науқас А., 1996 ж.т., 24.05.2022 ж.,  Түркістан облысы Облыстық клиникалық ауруханасының торакоабдоминалдық бөлімшесіне әлсіздік, дене температурасының көтерілуі, оң жақтағы кеуде аймағында орташа ауырсыну туралы шағымдармен, шұғыл түрде түсті. 

Анамнезден: соңғы 2 айда науқас өзін нашар сезінеді, аудандық ауруханада ем алғаннан кейін (плевралық қуысты пункциялау жүргізілді) науқас жағдайы жақсарып ауруханадан шығарылды. Алайда 24.05.2022 ж. жағдайы нашарлауына байланысты Облыстық клиникалық аурухананың торакоабдоминалдық бөлімшесіне жатқызылды, онда пациентке МӘМС шеңберінде "Оң жақтағы бейнеторакоскопия, өкпенің ішінара пневмолизі, плевралық қуыстан сұйықтықты алып тастау. Өкпенің висцеральды және париетальды плеврасынан биопсия алу. Бюлау бойынша дренаж салу" шұғыл операциясы жүргізілді. Операцияның артықшылығы - операциядан кейін тез қалпына келтіру. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, өзі таңуға барып жүр.

Мұндай операциялар Облыстық клиникалық ауруханасында жақында жүргізіле бастады, болашақта торакоскопиялық әдісі арқылы орындалатын нозологиялардың тізімін ұлғайту жоспарлануда. ОҚА деңгейіндегі торакоскопиялық операциялар Түркістан облысы мен Шымкент қаласының барлық пациенттері үшін орындалады.




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу