ОКА мамандары "#Бізбіргеміз" акциясына қатысты
Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдайға байланысты, Облыстық клиникалық аурухананың мамандары "#Бізбіргеміз" акциясына қатысып, төтенше жағдайлар кезіндегі проблемалық мәселелерді талқылауға және шешуге өз үлестерін қосты.
Облыстық клиникалық аурухананың эпидемиологы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жедел жоспарына сәйкес жұқпалы аурулардың және COVID-19 профилактикасы бойынша санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізді.






