Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Бас сүйегінің хирургиясына арналған мастер-класс


09.08.2022 ж. - 10.08.2022ж. Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасында МӘМС аясында бас сүйегінің хирургиясына арналған мастер-класс өтті, онда үш түрлі ота жасалды.

Түркістан облысында алғаш рет осы ми ісіктерін емдеуде мультидисциплинарлық тәсіл жүзеге асырылды. Барлық операциялар нейронавигациялық жүйенің көмегімен және мидың функционалды маңызды аймақтарының, атап айтқанда ми бағасының және артқы бас сүйек шуңқырының бас сүйек-ми нервтерінің үздіксіз нейромониторингін бақылау арқылы жүзеге асырылды. Бұл нейрохирургиялық оталар "Leica Microsystems" компаниясының заманауи операциялық микроскопының көмегімен орындалды. Ота жасау үшін мына мамандар шақырылды: нейрохирург, м.ғ.д., профессор Серік Дүйсенбіұлы, нейрофизиологиялық мониторингті Алматы қаласындағы ОКА дәрігер-невропатологы Махмұт Мұратұлы Мирзахметов  жүргізіп отырды.

Келесі нейрохирургиялық оталар орындалды:

1-ші науқастын: мишықтың оң жақтағы шеткі аймағының алдыңғы бөлігінің экстрааксиалды көлемді ісігі. Науқасқа, 09.08.2022 жылы хирургиялық ота жасалды: «Трансзигоматический суб-/претемпоральный доступ справа, правосторонняя лобно-височная краниотомия. Микрохирургическое тотальное удаление опухоли передних отделов края намета мозжечка справа (2 степень радикальности по Simpson)».

2-ші науқас: "IV қарыншаның түбінің көлемді ісігі. Науқасқа 09.08.2022 жылы  хирургиялық ота  жасалды: «Срединная субокципитальная краниоэктомия с резекцией дужки С1 позвонка. Теловеллярный доступ. Микрохирургияческое удаление опухоли дна IV желудочка».

3-ші науқас: "оң жақ вестибулярлық шваннома, Koos IV". Науқасқа 10.08.2022 жылы хирургиялық ота жасалды: «Ретросигмовидная краниоэктомия справа, микрохирургическое удаление вестибулярной шванномы справа».

Барлық операциялық араласулар асқынусыз жүргізілді, пациенттер қанағаттанарлық жағдайда шығарылды.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу