Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Үздік көпбейінді облыстық аурухана

Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасы Нұр-Сұлтан қаласында өткен "Дені сау ұлт" ұлттық медициналық саммитінде, еліміздің медициналық ұйымдары арасында "ALTYN SHIPAGER" ұлттық сыйлығының "Үздік көпбейінді облыстық аурухана" атағына ие болды.

Ұжымды хирург, медицина ғылымдарының кандидаты,"ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі" Е.Е. Сұлтанов басқарады, ол мереке қарсаңында ҚР Президентінің Жарлығымен "Халық алғысы" медалімен марапатталды.

Облыстық клиникалық аурухана әрдайым жоғары деңгейде және елдегі ең үздіктердің бірі атағын сақтап келеді. Облыстың барлық жоғары кәсіби мамандары клиникада жұмыс жасайды, тек оңтүстік аймағында ғана емес, республика бойынша да жоғары нәтижелер көрсетеді. Аурухана ұжымы өз басшысын мақтан тұтады, жетістіктерімен мақтанады және әрине мұнымен тоқтап қалмайды. 




Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу