Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Қан тамыр хирургиясы


Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының Облыстық клиникалық ауруханасының базасында қан тамыр хирургтарының (бөлімше меңгерушісі А.Г. Рыжковтың басшылығымен) және онкологтардың (бөлімше меңгерушісі М. А. Төлегеновтың басшылығымен) бригадасымен құрсақ аортасының инфраренальді бөлімінің аневризмасы және оң бүйректің алып кистасы бойынша (құрамдастырылған) симультанная операция жүргізілді. 1954т.ж. науқас кіндік аймағында пульсирлеуші ісікке, артериялық қысымның жоғарылауына, бел аймағындағы ауырсынуға шағымданған, жеке клиникада (іш қуысы және ретроперитонеальді кеңістік органдарының МСКТ) тексерілген, онда іш қуысы аортасының аневризмасы, екі бүйректің кистасы анықталған. Бүйрек кистасы бойынша операцияны кейінге қалдыру мүмкін еместігін ескере отырып, консилиуммен бір мезгілде құрамдыстырылған операция жасауға шешім қабылданды. 1ші - дәрігерлер бригадасы "Срединная лапаротомия. Creech (Vascutek GelsoftTMPlus 18 мм х 8 мм) бойынша аллопротездеу арқылы құрсақ аортасының инфраренальды бөлігінің аневризмасын резекциялау" операциясын жасады. 2ші - бригада кистаны резекциялады. Заманауи жабдықтардың (C.A.T.C. аутотрансфузияға арналған аппарат) болуының арқасында операция интраоперациялық асқынуларсыз сәтті жүргізілді. Науқастың жалпы жағдайы тұрақты. Айта кету керек, науқаста бүйрек кистасының болуына байланысты, жағдай стандартты емес болды және талқылау тақырыбы оңтайлы операциялық қол жетімділікті, сондай-ақ бүйрек кистасына операция көлемін таңдау болды. Операция кезеңдерін ұтымды құру инфекциялық асқынуларды болдырмауға және науқасты емдеу уақытын мен оңалту кезеңін қысқартуға мүмкіндігін берді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу