"Соvid-19 бар пациенттерде тыныс алуды қолдаудың ерекшелігі, желдету режимдерін таңдау" тақырыбында мастер-класс өткізілді.

2021 жылғы 20 наурызда Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының "Облыстық клиникалық аурухана" базасында " Соvid-19 бар пациенттерде тыныс алуды қолдаудың ерекшелігі, желдету режимдерін таңдау" тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-классты ННОЦ ЖШС гемареанимация бөлімшесінің меңгерушісі, «Қазақстан анестезиологтар және реаниматологтар қоғамының басқарма мүшесі», МУА N2 анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының ассистенті Меренков Евгений Анатольевич жүргізді. Мастер-класс Түркістан облысының реаниматолог дәрігерлері үшін жүргізілді.