Ашық есік күні

25.03.2023 жылы Түркістан облысы Облыстық клиникалық ауруханасының №3 онкологиялық емханасында тоқ және тік ішек қатерлі ісігін және жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу мақсатында "Ашық есік күні" өткізілді.
Іс шара барысында барлығы 59 пациентке кеңес берілді:
- колоректальды қатерлі ісігін алдын алу бойынша 24 пациент, оның ішінде алғаш рет 1 пациентте қатерлі ісік (оның ішінде қатерлі ісікке күдік), 4 пациентте басқа аурулар анықталды, жүргізілген зерттеулер саны 17;
- жатыр мойны қатерлі ісігін алдын алу бойынша 35 пациент, оның ішінде алғаш рет 1 пациентте қатерлі ісік (оның ішінде қатерлі ісікке күдік) анықталды, оның ішінде 1 пациентте қатерлі ісік, 9 пациентте басқа аурулар, жүргізілген зерттеулер саны 30.
