Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Академик М.К. Егізбаевтың 60-жылдығына арналған іс-шаралар


Түркістан облысының Қоғамдық Денсаулық басқармасы академик М.К. Егізбаевтың 60-жылдығына арналған іс-шараларды ұйымдастырды.

Іс-шаралардың бірі академик М. К. Егізбаев атындағы конкурстын қорытындысын жариялау. Байқаудың мақсаты - өңірдегі үздік дәрігерлерді анықтау, емдеудің жаңа әдістерін, жаңа технологияларды, бірегей оталар мен ғылыми жаңалықтарды енгізгені үшін жекелеген мамандардың еңбегін мойындау болды. Үздік деп танылған және жүлделі орындарға ие болған дәрігерлер дипломдар, естелік сыйлықтар мен сыйақылар алды.

Әрине, Е.Е. Сұлтанов басқарған Облыстық клиникалық аурухананың ұжымы, облыстың үздік дәрігерлерінің қатарында біздің дәрігерлер де бар екенін мақтан тұтады. Облыстың үздік дәрігерлерінің қатарында: Бақтияров Асқар Қосылбайұлы - нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Құсейнов Ислам Тасимұлы - гинекологиялық бөлімшесінің меңгерушісі, Гүлметов Сухраб Иристаевич -  рентгенохирургиялық әдістер бөлімшесінің меңгерушісі, Медеуов Дәулет Исмайлбекұлы - ревматология бөлімшесінің меңгерушісі.

Әріптестерімізді лайықты марапатымен құттықтаймыз!


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу