Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Ортопедия бөлімшесінде жасалынған эндопротездеу ота



18.11.2021 ж. Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесінде алғашқы рет протез орнатылған жамбас сүйегінің препротездік-фрагменттік сынуы кезінде, жамбас буынын Prius Evolutis имплант арқылы ревизиялық эндопротездеу ота жасалынды. Науқас А. 1968 ж.т., тұрмыстық жарақаттан кейін ортопедия бөліміне түсті. Анамнезінде 2009 жылы науқасқа Мәскеу қаласында жамбас ауыстыру операциясы жасалғаны белгілі. Жарақат алғанға дейін науқас протездік буынымен қалыпты өмір сүріп, көп мазасын алмаған. Алынған жарақатқа байланысты операция кезінде заманауи техника мен технологияны қолдана отырып, бұрын орнатылған протезді алып тастап, оны жамбас буынының заманауи, ұзартылған эндопротезімен ауыстыруға тура келді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы қанағаттанарлық, науқас 2-ші күні өздігінен отырды. Науқасты әдеттегі өміріне ертерек қайтару жоспарлануда.





Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу