Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

«Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында халыққа медициналық көмек көрсетудің бизнес-процестері» тақырыбында семинар

2020 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан, міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыруға көшетін болады, осыған байланысты медициналық қызметкерлер үшін оқу семинарлары өткізілді.  Облыстық клиникалық ауруханада  ӘМСҚ аймақтық филиалының, РЭДСО аймақтық филиалының  және «Даму» ақпараттық технологиялар орталығының қызметкерлері «Медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті медициналық сақтандыру жүйесі аясында халыққа медициналық көмек көрсетудің бизнес-процестері» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға облыстық клиникалық аурухананың қызметкерлері және облыстық медициналық ұйымдардың мамандары қатысты. Міндетті медициналық сақтандыру жағдайында пациенттерді басқару тактикасы туралы түсініктемелер берілді.


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу