Облыстық клиникалық аурухана (Түркістан облысы)

Қазақстан, Шымкент, Майлы Қожа к-сі, 4
+7 (7252) 53 78 99
+7 (7252) 53 65 14
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

Қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде екі сәтті гибридті ота жасалынды


Түркістан облысының Шымкент қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасында қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінде екі сәтті гибридті ота жасалынды. Пациенттердің бірінде инфраренальды аорта мен мықын асты артериялардың анатомиялық күрделі аневризмасы, екінші пациентте кеуде аортасының төменгі бөлігінің қабықты аневризмасы анықталынған. Ауруханаға дейінгі кезеңде пациенттерде кеуде және іш қуысының аневризмалық кеңеюі анықталынды, яғни адам ағзасындағы ең үлкен тамыры болғандықтан, бұл өмірге қауіпті жағдай болып саналады. Мұндай жағдайларда хирургиялық араласудың мақсаты - аневризманың жарылуын немесе жыртылуын болдырмау. Аорта қабырғасын ішінен нығайту мүмкіндігі заманауи эндопротездеудің әдісі - стент-графт имплантациясымен қамтамасыз етіледі. Операция кезінде аорта бөлігінің зақымдану орны арнайы герметикалық материалмен "металл жақтаумен" жабылған, бұл шат  аймағында кішкене кесу арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, аневризманы қан ағымынан шығарып, науқастың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Нұрсұлтан қаласының маманы, рентген-эндоваскулярлық хирург Мун Е.В., мен қан тамырлары хирургиясы және ренгенэндоваскулярлық хирургия бөлімшесінің дәрігерлерімен бірлесіп: бір пациентке аортография жасай отырып қолқаның кеуде бөліміне стент – графтты имплантациялауы жасалынды, екінші науқасқа қолқаның іш қуысы бөліміне қанағаттанарлық нәтижемен ота жасалынды. Операциядан кейін пациенттер бейінді бөлімшеге ауыстырылды.

Мұндай жоғары технологиялық медициналық көмекке жататын және жалпы анестезияны қажет етпейтін операцияларды, МӘМС аясында, Нұрсұлтан және Алматы қалаларында жүргізіледі. Олар пациенттің минималды жарақаттануымен және операциядан кейін қысқа мерзімде оңалтуды қажет етумен ерекшеленеді. Тамыр хирургиясы бөлімінің меңгерушісі А.Г. Рыжковтың бағалауы бойынша біздің дәрігерлердің шеберлігі мақтауға тұрарлық (бүкіл процесс бірқалыпты өтті, ұжым үйлесімді жұмыс жасады). Дәрігерлердің жоғары біліктілігі мұндай операцияларды сәтті жүргізуге мүмкіндік береді


Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу