Ашық есік күні

Дүниежүзілік аналық без обырымен күрес күніне және меланома мен тері обыры, қуық обыры туралы ақпараттандыру айлығына арналған іс-шаралар шеңберінде Шымкент қаласындағы Облыстық клиникалық аурухананың Онкологиялық орталығында "Ашық есік күні" өткізілді. Барлығы 53 пациентке кеңес берілді, оның ішінде 2 пациентте алғаш рет қатерлі ісік анықталды (оның ішінде күдік). Сонымен қатар, 10 науқаста басқа аурулар анықталды.
Сондай-ақ, меланома және тері обыры туралы ақпараттандыру айлығы шеңберінде онкологиялық орталықтың дәрігерлері аурухана ұжымы үшін дәрігерлік конференцияда дәріс өткізді.