2024 жыл 23 қазан күні Түркістан Облыстық Клиникалық ауруханасында кезекті «Донор күні» акциясы өтті. Іс-шара Қан орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. “Донор күні” біздің ауруханада жыл сайын өткізіледі. Дәрігерлер мен мейірбике қызметкерлері үнемі қан тапсыру және басқа адамдардың өмірін сақтау қаншалықты маңызды екенін біледі. Сонымен қатар, қан тапсыру донордың өз денсаулығын нығайтуға, иммунитетін көтеруге көмектеседі. Донор күні акциясы – тек қана қанға мұқтаж жандарға көмек емес, өз денсаулығын тексеруге таптырмас мүмкіндік. Біз осындай іс-шараларға тек бір рет қана емес, тұрақты түрде қатысуға шақырамыз. Акцияға тұрақты түрде қан тапсыратын донорлармен қатар, алғашқы рет қатысқан қызметкерлер де болды.Аурухана әкімшілігі Қан орталығына қызметкерлерімізге жұмыс орнында қан тапсыруға мүмкіндік жасағанына үлкен алғыс білдіреді.