about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1-і тоқсанда пациенттерден 5,5 мыңнан астам шағым қабылдады

2022 жылдың 1-тоқсанында әртүрлі байланыс арналары арқылы…

11, апреля 2022

 

2022 жылдың 1-тоқсанында әртүрлі байланыс арналары арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 208,5 мың өтініш келіп түсті, оның 5,5 мыңнан астамы – медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне байланысты шағымдар.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының міндеттерінің бірі пациенттердің құқықтарын қорғау болып табылады. Күн сайын Қор келесі ресми байланыс арналары арқылы өтініштерді қабылдайды:

– 1406 байланыс орталығы,

– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы,

– fms.kz ресми сайты,

– Telegram-дағы  @SaqtandyrýBot.

Талдау көрсеткендей, байланыстың ең сұранысы жоғары тәсілі 1406 байланыс орталығы болып қала береді – қысқа нөмір арқылы өтініштердің 83%-ы келіп түсті. Екінші орында – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы.

«Қорға көбінесе Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларының, Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Шымкент қалаларының тұрғындары жүгінеді. Қостанай облысының тұрғындары сирек кездеседі. Өтініштердің негізгі бөлігі консультативтік сипатта болады. Өтініш берушілер жарналар мен аударымдарды қалай төлеу керектігін, МӘМС бойынша медициналық көмекті алу үшін қандай кезеңдерде төлем жүргізу керектігін сұрайды», – дейді Қордың заңды және жеке тұлғалармен жұмыс жасау департаментінің директоры Забира Оразалиева.

Қорда атап өткендей, бірінші тоқсанда 5,5 мың шағым түскен. Пациенттер медициналық көмектің сапасыз көрсетілуіне немесе одан бас тартылуына, консультациялық-диагностикалық қызметтерді ұзақ күтуіне, тар бейінді мамандарға жазбаның болмауына шағымданды.

«Шағымдардың негізгі себептері-тағайындалған емдеумен, қойылған диагнозбен келіспеу, дәрігердің медициналық қызметтерге жолдама беруден бас тартуы, бейінді дәрігердің консультациясын немесе диагностикалық тексеруді күту, өңірде қажетті мамандардың болмауы. Қор әрбір шағым бойынша егжей-тегжейлі талдау жүргізуде. Біз пациенттерді өз құқықтарын білуге және олар бұзылғанда, жағдайды сол жерде шешу үшін алдымен медициналық ұйымның өзінде Пациенттерге қолдау көрсету қызметіне жүгінуге шақырамыз. Бұл қызметтер барлық емханалар мен ауруханаларда бар. Егер мәселені сол жерде шешу мүмкін болмаса, Қорға жүгіну қажет», – деп Забира Оразалиева атап өтті.

Өтініштерді талдау қорытындылары бойынша пациенттердің құқықтарын бұзу жағдайларын болдырмау немесе алдын алу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры клиникалармен қажетті жұмыстарының бағыттарын анықтайды. Бұл үшін Қор апта сайын семинарлар ұйымдастырады, медицина қызметкерлерін оқыту бағдарламаларын түзетеді, тестілеу өткізеді, қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар береді.

Медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын жақсарту және медициналық қызметкерлер мен тіркеу, анықтама қызметтерінің МӘМС жүйесінің жұмысы және медициналық қызметтер туралы білімдерін тексеру үшін Қор тұрақты түрде «Жасырын пациент» акциясын өткізеді. 2022 жылдың 1 тоқсанында Қордың 650 жеткізуші – медициналық ұйымдарының анықтама, тіркеу және call-орталықтарына қоңырау шалынды. Түркістан, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласының медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету бойынша ең жақсы білімдерін көрсетті.

 

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеру және жүргізілген төлемдер туралы Медициналық сақтандыру қорының “Qoldau 24/7” мобильді қосымшасы мен Telegram-дағы @SaqtandyrýBot арқылы біле аласыз, немесе ҚР және egov.kz электрондық үкіметі сайтының «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметіне тапсырыс бере аласыз.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru