Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылып, медициналық сақтандыру қорына жүйелі түрде төлемдер енгізсеңіз, сізге қолжетімді болады:
✅ Қажет болған жағдайда және көрсеткіштер бойынша барлық консультациялық-диагностикалық көмек. Бұл:
?ауруды диагностикалау, емдеу және бақылау бойынша бейінді мамандардың кеңестері.
?диагностикалық қызметтер, соның ішінде зертханалық қызметтер және КТ, МРТ, ПТР, ИФА және т. б. сияқты қымбат тексерулер.
? тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің бекітілген тізбесі шеңберінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету.
?ересектерді профилактикалық тексеру-жатыр мойны обырына, сүт безі обырына, колоректальды обырға, гепатитке скринингтік тексерулер.
?жоспарлы және шұғыл стоматология-халықтың жекелеген жеңілдікті санаттары үшін (балалар, жүкті әйелдер, көп балалы аналар, зейнеткерлер, мүгедектер, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және т. б.).
✅ Стационарды алмастыратын көмек, оның ішінде үйдегі стационар.
Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды пайдалана отырып, күндізгі стационарда емдеу, медициналық манипуляциялар мен шағын хирургиялық операциялар жүргізу.
✅ Жоспарлы стационарлық көмек.
Жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып және тәулігіне 24 сағат медициналық бақылаумен тәулік бойғы стационарда емдеу, хирургиялық операциялар жүргізу
✅ Инсульттан, операциядан және ауыр сырқаттан кейінгі медициналық оңалту, оның ішінде ковидтен кейінгі оңалту.
⭕ Достар, бұл медициналық көмектің барлығы учаскелік дәрігер арқылы тиісті көрсеткіштер бойынша көрсетіледі.