about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

14 қараша –Дүниежузілік қант диабетімен курес куні, эндокринолог куні.

Қант диабеті – бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.
Қазіргі таңда Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артуда. Әр 12-15 жыл сайын бұл дерт анықталу саны еселеп келеді.

12, Қараша 2024

14 қараша –Дүниежузілік қант диабетімен курес куні, эндокринолог куні.

Қант диабеті – бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт.

Қазіргі таңда Қазақстанда қант диабетіне шалдыққан науқастар саны артуда. Әр 12-15 жыл сайын бұл дерт анықталу саны еселеп келеді. Қант дибетін ерте анықтау оның асқынуларының алдын алып, науқастың өмір суру сапасын жақсартатыны ерекше маңызды.

14 қарашада – эндокринолог күні және Дүниежузілік қант диабетімен күрес күні. Бұл кун 1991 жылдан бастап жыл сайын инсулин гормонын ашқан Канадалық физиолог Фредерик Бантингтың туған кунінде атап өтіледі. Дүниежүзілік  қант диабетімен күрес күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес жыл сайын атап өтіледі.

Дүниежүзілік қант диабетімен күрес күнін алғаш рет Халықаралық диабет федерациясы мен ДДҰ 30 жыл бұрын – 1991 жылы 14 қарашада өткізді, ал 2007 жылдан бастап БҰҰ қамқорлығымен өткізіліп келеді. Атаулы күннің мақсаты – халық арасында қант диабеті және оның асқынулары туралы хабардарлықты арттыру. ДДҰ қант диабетінің алдын алуды насихаттауды, сондай ақ асқынуларды азайтуды және осы ауыр аурумен ауыратын науқастардың өмір суру сапасын барынша жақсартуды мақсат етеді.

Осыған орай, Облыстық клиникалық арухананың Эндокринологиялық орталығы емханасы 14 қарашада Ашық есік күнін жариялайды. Келген барлық азаматтар қандағы қант деңгейін анықтай отырып, мамандандырылған эндокринолог кеңесін алуға мүмкіндігі бар.

Бул іс-шараның мақсаты – әлемде кең таралған аурулардың бірі – қант диабетіне жұртшылықтың назарын аудару, сонымен қатар тұрғындардың бұл ауруға деген немқұрайлылығын жою, қандағы қантты бақылау мәдениетін тарату және халық арасында кеңінен насихаттау. Бүкіл әлемдік қант диабетімен күрес күніне орай халық арасында қант диабетін скринингтік тексеру, сондай-ақ халықты қант диабеті туралы ақпараттандыру.

Стационарлық жағдайда тәулік бойы ем алатын науқастар үшін дәрігерлер мен пациенттердің интерактивті байланысы түрінде викториналар жүргізіледі. Өйткені, осылайша бүкіл әлемде миллиондаған адамдар күн сайын өмір сүретін ауру туралы хабардарлық пен түсінікті арттырады, сонымен қатар қант диабетінің алдын алу мен тәрбиелеуде отбасы мен туыстарының рөлінің қажеттілігі туралы түсіндіріледі.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru