about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Функционалдық нейрохирургия

2024 жылдың 4-5 желтоқсан күндері алғаш рет Түркістан облысы мен Шымкент қаласында Облыстық клиникалық ауруханасында нейрохирургия саласындағы жаңа технологияларды трансферлеу және енгізу бағдаламасының аясында «Функционалдық нейрохирургия:

4, Желтоқсан 2024

2024 жылдың 4-5 желтоқсан күндері алғаш рет Түркістан облысы мен Шымкент қаласында Облыстық клиникалық ауруханасында нейрохирургия саласындағы жаңа технологияларды трансферлеу және енгізу бағдаламасының аясында «Функционалдық нейрохирургия: кезбе жүйкені ынталандыру арқылы эпилепсияны хирургиялық емдеу» тақырыбында мастер-класс өткізу жоспарлануда. Мастер-класс РМҚК «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы ауруханасының» (Астана қ.) эпилепсия хирургиясына дайындау тобы  эпилептолог Утебеков Жасұлан Ерғалиұлының бастауымен және көпсалалы медициналық орталық  «Green Clinic»  нейрохирургы Шпеков Азат Сәлімұлы қатысуымен өтеді.

Мастер-класс аясында эпилепсияны хирургиялық емдеуге арналған пациенттерді іріктеу тактикасы бойынша консультациялар өтеді. Кезбе жүйкені ынталандыратын нейростимуляторларды (VNS) имплантациялау бойынша 4 операция жоспарланған. Бұл операциялар МӘМС шеңберінде жүргізіледі.

Бұл инновациялық әдіс фармакорезистентті эпилепсиядан зардап шегетін науқастар үшін жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Кезбе жүйкені ынталандыру дегеніміз не?

VNS-терапия – арнайы құрылғы имплантацияланатын хирургиялық процедура. Бұл құрылғы кезбе жүйкеге импульс жібереді, ол мидағы электр белсенділігін реттеп, ұстамалардың жиілігі мен ауырлығын азайтады. Бұл әдіс дамыған елдерде өз тиімділігін дәлелдеді және енді біздің өңір тұрғындарына қолжетімді болып отыр.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru