2025 жылғы 15 тамызда Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық клиникалық аурухана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының үлкен залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарының тоқсан сайынғы жоспары аясында өткізілді.
Жиналыс барысында мекеме қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қағидаттарын сақтау қажеттілігі туралы кезекті рет түсіндірме берілді. Атап айтқанда, келесі мәселелер қаралды:
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабындағы негізгі ережелер таныстырылды;
-
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 бұйрығының мазмұны түсіндірілді;
-
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жиі кездесетін мысалдары – олардың жіберілуінің жол берілмейтіні және қандай жауапкершілікке тартылатыны бойынша түсіндірме берілді.
Мекеме қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары анықталған жағдайда, оның ішінде пара беру/алу, сыйлықтар қабылдау сияқты әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ресми түрде хабардар етілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген этикалық нормаларды сақтау қажеттігі де ескертілді.