about us icon Біз туралы

Күндізгі стационар және сауықтыру бөлімі Облыстық клиникалық диагностикалық орталықтың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Күндізгі стационар бөлімі мемлекеттік тапсырыс бойынша 12 төсек орнына есептелінген, оның ішінде 5-терапиялық, 7-хирургиялық төсек орны бар.

Бөлімшеде бір дәрігер, үш медбике жұмыс істейді, оның ішінде екі медбике жоғары біліктілік санаты бар және 1 медбике I біліктілік санаты бар.

Күндізгі стационар жұмыс істеуі шеңберінде:

  • Күндізгі стационар палаталары;
  • Егу бөлмеcі;
  • Физиотерапия бөлмесі;
  • Ақылы егу бөлмесі бар.

Егу бөлмесінде келесі рәсімдер жүзеге асырылады:

  • қан тамырішілік тамшылатып қую;
  • қан тамырішілік, бұлшықетке, теріастына, тері ішіне бүрку;
  • зертханалық талдау үшін қан үлгілерін алу.

Физиотерапия бөлмесі қазіргі заманға сай медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Физиотерапиялық рәсімдер:

  • УТЖ, УФС, биоптрон, амплипульс, ультрадыбыстық емдеу, дарсонвализация, элекрофорез, ингаляция, косарланған физиотерапия (электротерапия, ультрадыбыстық терапия, лазерлік терапия, магниттік терапия).

Бөлімшеде ойық жара ауруы және асқазан қатерлі ісігі қоздырғышы болып табылатын Helicobakter Pylori анықтау үшін инвазивті емес зерттеуге арналған тыныстық уреазды тест ашылды.

Күндізгі стационарда медициналық көмекті күндіз алу үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалынған. Бұл созылмалы аурулары бар терапиялық және неврологиялық бейіндегі тәуліктік қадағалауды қажет етпейтін пациенттер үшін ыңғайлы уақыт.

Біз жұмысымызда орталықта бар науқастар сараптамасына қажет барлық зерттеу әдістерін: жеке мамандардың кеңестерін, клиникалық және биохимиялық зертхана, радиациялық, функционалдық, ультрадыбыстық және эндоскопиялық диагностикаларды кеңінен пайдаланамыз.

Біздің бөлімнің медицина қызметкерлері әрқашан ем қабылдауға келген барлық науқастарға жоғары сапалы көмек көрсетуге дайынбыз.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru