about us icon Біз туралы

Оториноларингология  –  22 төсек-орын

 

Оториноларингология бөлімшесі 22 төсек-орынға есептелген.

Бүгінгі таңда көптеген естуді жақсарту операцияларының қарапайым түрінің бірі болып қалды.

Бөлімшеге 2007 жылы «GIMMI» видеоэндоскопиялық қондырғысы және «LEICA» микрохирургиялық микроскопы алынды. Заманауи медициналық қондырғылармен түрлі кеселді емдеу барысында ем сапасын арттыру үшін әрбір миллиметрі маңызды рөл атқаратын ЛОР-ағзаларын жоғары деңгейде тексеруге мүмкіндік туды.

Бұл әсіресе, іріңді процесс ми қабығына және құлақтың ішкі жықпалдарына дейін жететін құлақтың іріңді кеселдерін емдеуде өте маңызды.

2019 жылы 16 сәуірден бастап ЛОР бөлімінің құрамында бет-жақ хируриясы ашылды.

Облыстық клиникалық ауруханасының ЛОР бөлімінің құрамында бет-жақ хируриясы тәулік бойы, облыс және қала тұрғындарына мамандандырылған, бет-жақ патологиясы бар науқастарға жедел және жоспарлы түрде көмек көрсетеді.

Бет-жақ аймағы бойынша бөлімде Хейлопластика, Уранопластика, Френулопластика, әртүрлі аралас қатерсіз ісіктерді алу операциялары, туа біткен және жүре пайда болған жыланкөздерді алу, тіс жұлғаннан кейінгі гаймор қусының тесілуі, түрлі асқынулардың алдын алу, жұмсақ және қатты таңдайдың даму аномалиялары, ерін аномалиялары кезіндегі пластикалық операциялар жасалынуда.

Бұрын тек республикалық орталықтарда жүргізілген операциялар енді біздің ауруханада да жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта бөлімде отаға барлық қажетті құрал-жабдықтар бар.
Бөлімде ай сайын 80-ге жуық жедел және жоспарлы түрде қабылданған науқастар тексеріліп, емделіп шығып жатыр.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru