about us icon Біз туралы

Қан-тамыр хирургиясы – 30 төсек-орын

Бөлімше құрамында 30 төсек-орын бар, күрделі оталарды жасау үшін 2 оталық зал қажетті құралдармен жабдықталған (оталық микроскоп, ота ішілік диагностикалау үшін УДЗ аппараты мен бақылауға арналған аппараттар, варикозды веналар кезінде, тамырларды лазерлік облитерациялауға арналған аппарат және рентгенэндоваскулярлық операцияларды жүргізуге арналған ангиографиялық қондырғы). Бөлімше жоспарлы және шұғыл емдеуге жатқызу режимінде тәулік бойы жұмыс істейді. Бөлімше мамандары санитарлық авиация желісі бойынша қан тамырлары аурулары мен жарақаттары бар пациенттерге шұғыл көмек көрсетеді. Жыл сайын бөлімше қызметкерлері әртүрлі қан тамырлары аурулары бар науқастарға 1000-нан астам ота жасайды. Соңғы жылдары флебологияға, веноздық тромбоздың және ТЭЛА-ның алдын алуға көп көңіл бөлінуде. Практикалық жұмыстармен қатар барлық жылдар бойы ғылыми-зерттеулер жүргізілуде: эндоскопиялық кеуде симпатэктомиясы, терең тамыр тромбозын түбегейлі емдеу. Бөлімше қызметкерлері – магистральдық қан тамырларының түрлі ауруларын емдеуде мол тәжірибесі бар жоғары білікті дәрігерлер. Бөлімше дәрігерлері әлемнің үздік медициналық орталықтарында – Ресей, АҚШ, Германия, Израиль, Латвия, Италия мелекеттерінде тәжірибелік білім алған.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru