about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

– 2021 жылы: МӘМС үшін кім, қанша төлейді?

2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жүзеге асырыла бастады…

13, января 2021

Жауап : 2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жүзеге асырыла бастаған болатын. Осыған орай «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі МӘМС жүйесіне қалай төлем жасауға болатынын түсіндіріп берді.

Егер сіз МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған болсаңыз, жарна төлеуші санатына қарай МӘМС үшін ай сайын төленетін жарна мөлшерін анықтап алыңыз.

Азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты – жарнаны мемлекет төлейді.

  • Жалдамалы жұмыскер – жұмыс беруші бухгалтериясы жалақының 2%-ы мөлшерінде және жалақы қорынан 2% мөлшерінде төлем жасайды.
  • Жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы иелері, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ең төменгі жалақының 5%-ы мөлшерінде (ЕТЖ 2021 жылы да 42 500 теңгені құрайды, сондықтан төлем мөлшері бұрынғыдай – 2975 теңге).
  • Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар (жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, жалдамалы жұмыскерлері жоқ, қызмет көрсететін тұлғалар) / бірыңғай жиынтық төлем төлеушілер – 1 АЕК (01.01.2021 ж. 2917 теңге) республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін;

басқа елді мекендер үшін (ауыл тұрғындары) – 0,5 АЕК (01.01.2021 ж. 1458,5 теңге).

  • Дербес төлеушілер –1 ЕТЖ-ның 5%-ы мөлшерінде (ең төменгі жалақы өзгермегендіктен, 2021 жылы да 2125 теңге).
  • Азаматтық-құқықтық негізде шарт бойынша жұмыс істейтін тұлғалар – табысының 2%-ы мөлшерінде, ең жоғарғы төлем 8500 теңге (яғни 10 ЕТЖ-ның 2%-ы, 425 000 х 2% = 8 500).

Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді ыңғайлы тәсілмен тексеріңіз:

– Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)

– egov.kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және “Денсаулық сақтау” бөлімінде)

– Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде “Сақтандыру мәртебесін анықтау”)

– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде “Сақтандыру мәртебесін анықтау”)

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

– екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы; – Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;

– “Казпочта” АҚ бөлімшелері арқылы;

– төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;

– медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы жарна төлеп, МӘМС жүйесінде сақтандырыла аласыз.

2020 жылғы 1 қаңтардан Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жүзеге асырыла бастады. МӘМС жүйесі жарна мөлшеріне қарамастан, барлық сақтандырылған адамдардың қызметтер пакетіне тең қолжетімділігіне негізделген. Яғни, мүмкіндігіне қарай төлем жасаған әр азамат қажетіне қарай, МӘМС бойынша көмек алу үшін жүгінген кезде ем алады, медициналық қызметтердің көлемі мен құны шектелмейді.

Қазіргі уақытта медициналық қызмет екі пакет бойынша көрсетіледі: тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (ТМККК) аясында және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021 жылы да жалғасады.

Колл центр – 1406

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru