about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

ӘМСҚ басшысы 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру туралы айтты

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте…

12, мая 2021
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма Төрағасы Болат Төкежанов журналистерге 2021 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша медициналық көмекті қаржыландыру қорытындылары және халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы туралы айтып берді.2021 жылы халыққа медициналық көмек көрсетуге 1,8 трлн теңге, оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) – 1,1 трлн теңге, МӘМС – 700 млрд теңге қарастырылған.
1 сәуірдегі жағдай бойынша Қор 1,46 трлн теңге сомасына 1 363 жеткізушімен халыққа медициналық қызмет көрсетуге шарттар жасады.
Б.Төкежанов биыл қазақстандықтар үшін амбулаториялық-емханалық және стационарды алмастыратын көмек қолжетімді болатынын, ауылдық денсаулық сақтауды, скринингтік бағдарламаларды, мейірбикелік көмекті, патронаждық қызметті қолдау көзделгенін атап өтті. Қаржыландырудың едәуір үлесі балалар денсаулығын сақтауға көзделген. Атап айтқанда, ерекше қажеттіліктері бар балаларды медициналық оңалту – ЭКО және «Қамқорлық» квоталарын ұлғайту бойынша «Аңсаған сәби» бағдарламаларын іске асыру. Қосымша қаражат антенаталды бақылауды жүргізуге – 29,7 млрд теңге, 0-ден 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруді жүргізуге – 12 млрд теңге, сондай-ақ мектеп медицинасын дамытуға – 22,5 млрд теңге бөлінді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru