about us icon Біз туралы

Орталықтандырылған эндоскопиялық орталық

Бөлім мамандары  өз кәсіби  деңгейлерін  Ресей мен  Қазақстан оқу орталықтарының базасында (г. Алматы,  «Алматинский государственный институт усовершенствования врачей»; г. Астана, АО «Республиканский научный центр неотложной медицинской помощи»; г. Павлодар, на базе «Павлодарского ФУВ Семипалатинской государственной медицинской академии»,  г. Москва, «Всесоюзный научный центр хирургии Академии медицинских наук СССР», «Всесоюзный онкологический научный центр»; г. Санкт – Петербург, «Санкт-Петербургская медицинская академия последипломного образования» ; г. Ташкент, «Ташкентский институт усовершенствования врачей», «Республиканский научный центр урологии и оперативной нефрологии»;  участвуют в международных  конференциях (Австрия, г. Вена, Международная конференция Gastro Update 2014) және жетекші эндоскописттердің  мастер класс сабақтарына қатысып  үнемі жоғарлатып отырады.

Бөлім қала және облыс тұрғындарына эндоскопиялық емдеу – диагностикалық  көмегін көрсетеді. Бөлімде жылына 11-12 мың зерттеу тексерістері жасалынады . Сонымен қатар колоректальды обыр ауруларын ерте анықтау мақсатында  скрининг бағдарламасы

бойынша  диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.

 Бөлімнің материалдық – техникалық жабдықталуы.

 Бөлімде әлемдегі  жетекші икемді эндоскопиялық медициналық құралдарымен жабдықталған (Olympus, Karl Storz, Pentax):

2012 жылдан бастап бөлімде жекеспектральды және магнификациялық функциялар игеретін,бейнегастроскоп «ЕVIS EХERA ІІ» -GIF-H180,бейнеколоноскоп CF-H180AL –  Olympus фирмасының жинағымен ,   сараптамалық  класстың ,жоғары технологиялық видео ақпараттық жүйесі жұмыс істейді,сонымен қатар анықталған патологиялық өзгерістерді бейнемұрағаттау жасалынады.

NBI  жүйесін қолдану – бейнелі арнайы жарықтандыру спектрі капилярлар құрылымын бөліп алуға арналған және шырышты қабаттың басқа да өзгерістерін өңдеуге көмектеседі,ол өз кезегінде тексеру нәтижесін жақсартады,минимальды өзгерістерді бағалауға көмектеседі,биопсиялық зерттеудің уақыты мен орындалу санын қысқартады. Осының барлығы қосылғанда, экрандағы бейненің 70 есеге ұлғайтылуы асқазан-ішек жүйесі обырының ерте  нысандарын анықтауға септігін тигізеді.

 Бейнеколоноскоп – Karl Storz

Бейнегастроскоп Pentax- 2010 жылдан бастап пайдалануға берілген.

Фиброталшықты гастроскоптар – Olympus, Pentax  фирмасынан.

Фиброталшықты бронхоскоптар – Olympus фирмасынан ересектер мен балаларға арналған. Фиброталшықты колоноскоп – Olympus фирмасынан балаларға арналған.

 OER-A – эндоскопиялық автоматты репроцессоры, әлемдік стандарттарға сай, яғни эндоскопиялық аппаратураларды заманауи дезинфекциялық ерітінділер мен заласыздандыруға арналған жуғыш құралдар қолдана отырып, сапалы түрде өңдеуге болады.

Төмендегідей кең ауқымды эндоскопиялық зерттеулер мен манипуляциялар жүргізіледі:

  • Эзофагогастродуоденоскопия – өңештің,асқазанның және 12 елі ішек шырышты қабаттарының жағдайын бағалау;
  • трахеобронхоскопия  – кеңірдек және бронх тармақтарының қарау;
  • эпифаринголарингоскопия – көмейді визуальді зерттеу әдісі;
  • ректосигмоидоколоноскопия  –  тоқ ішектің шырышты қабаттарының жағдайын бағалау;
  • ретроградты  холангиопанкреатография (РХПГ);

  Асқазанның шырышты қабатынан Helicobacter Pylori  анықтау үшін,

  • цитологиялық зерттеуге биоматериал алу.

Медициналық көрсеткіштер бойынша анықталған эндоскопиялық патологияны морфологиялық верификациялау үшін,  биопсиялық материал алынып, цитологиялық және гистологиялық зерттеуге жіберіледі. Гастроскопия және барлық күрделі зерттеулер (колоноскопия,бронхоскопия)  науқастың өтінішімен немесе көрсеткіштері бойынша күретамырлық седациямен жүргізіледі, ол манипуляция кезінде науқаста болатын жағымсыз субъективті сезімдерді жоюға  және асқазан-ішек жүйесінің барлық бөлімдерін сапалы түрде қарап  тексеруге мүмкіндік береді.

Түрлі аурулар кезіндегі, эндоскопиялық емдеу мүмкіндіктері:

  • Созылмалы бронхитті емдеу, бөгде денелерді алып тастау, асқазан-ішек жүйесіндегі және өт өзекшелеріндегі тастарды алып тастау.
  • Бронх тармақтарына дәрілік заттарды инстилляциялау, созылмалы бронхит кезінде бронхтың шырышты қабығына тікелей әсер ету.
  • Эндоскопиялық полипэктомия  сенімді ауырсынусыз азинвазивті манипуляциясы.
  • ЭРПХГ  өт өзектерінде рентгенэндоскопиялық манипуляциялар.

Пациентке арналған мәлімет

Біздің Орталықта  Helicobacter Pylori – анықтаудың барлық диагностикалық әдістері жүргізіледі. Асқазандағы катерлі түзілімнің этиологиялық факторының бірі болып табылатын бірінші кезектегі канцероген:

  • Helicobacter Pylori – қан ИФА
  • Тыныстық уреаздық тест
  • Асқазанның шырышты қабатынан  Helicobacter Pylori – ді анықтауға цитологиялық зерттеуге арналған биоматериал алу.

Колоноскопияға дайындалу әдістері

Тексерілуден 2-3 күн бұрын майлы,қуырылған,қақталған, газды сусындарды ,қызыл  түсті азық-түлікті (жемістер, қызанақ т.б) сүт тағамдарын шектеу керек.

Дайындық күні таңертеңнен бастап тек қана:  сұйық тауық сорпасы, қайнаған су, шәйға қант немесе бал қосып ішуге болады.

Кешке сағат 17:00 ден бастап іш жүргізетін сұйықтық, яғни Фортранстың 1 қалташасын 1 литр суға деп есепке алып даярлау қажет.

 Пропорцияны өзегертуге (сұйықтық мөлшерін азайтуға) БОЛМАЙДЫ!

 

  • Фортранстың 1 қалташасы  15-20кг дене салмағына есептелген. Ерітіндіні біртіндеп ішу керек, 1 сағат ішінде 1 литрден, әрбір 15 минут сайын бір стақаннан.
  • Ерітіндіні ішкеннен кейін шамамен бір сағаттан кейін ауыртпай сұйық дәрет жүреді.
  • Ішектің босатылуы Фортранстың соңғы мөлшерін ішкеннен кейін мөлдір сұйық дәреттің шығуымен аяқталуы тиіс.
  • Ерітіндінің аздап тәттілеу дәмі бар. Фортранс салқын күйінде ішіледі және дәмін жақсарту үшін  цитрус жемістерінің (лимон) шырынын қосуға болады.

Тексерілу күні таңертең сағат 9:00 де бір стақан тәтті шәй ішіп келуіңізге болады.

Дұрыс дайындық, нақты диагностика кепілі!

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК

Мекен-жайы:

Email:

ҚР, Шымкент қ., А. Байтұрсынов к-сі, 68а

diagnostika@shymzdrav.kz

phone icon 1415
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 36-71-32
Медициналық мекеменің байланыс орталығы