about us icon Біз туралы

Функционалдық диагностика бөлімшесі

Функционалды диагностика бөлімі негізінде үш бағытта медициналық қызмет көрсетеді:

Кардиология; жүрек – қантамыр жүйесінің қызметін тексеру, жүрек – тыныс алу жүйесінің қызметін тексеру, жүрек – қантамыр жүйесінің вегетативті жағдайын тексеру. Өмірге қауіпті жағдайлардың ( кенеттен өлім немесе өмірге қаіпті жүрек ырғағаның бұзылысы) алдын алу және ерте анықтау. Бірмезетте тыныс алу бұзылғанда және ұйқы жағдайында тәуліктік артариалдық қан қысымды өлшеу және тәуліктік электрокардиограмма жасау. Жүрек ырғағының қызметін тексеру және жасырын патологиярарды анықтау.

Пульмонология; Тыныс алу жүйесін тексеру. Тыныс алу жүйесіндегі жасырын ауытқуларды ерте анықтау және алдын алу. Тыныс алу жүйесімен жүрек – қантамыр жүйесінің қызметін бағалау және ауытқуларын анықтау.

Неврология; электроэнцефалографиялық тексеру және зерттеу; Реоэнцефалографиялық тексеру және зерттеу; Нейросонографиялық (екі жасқа дейінгі балалардың бас миын ультрадыбыстық доплерографиялық зерттеу) зерттеу;

Функционалды диагностика бөлімі алдыңғы қатардығы заманауи медициналық құрал жабдықтармен қамтамсыз етілген, соның ішінде «Филипс», «Дженерал электрик» (АҚШ) «BTL» (Ұлыбритания).

Функционалдық тексеру әдістері төмендегі артықшылықтармен ерекшеленеді:

• Денсаулыққа еш кері әсерінсіз жен инвазивті емес;
• Айқын мәліметті;
• Қолжетімді және кең ауқымды.

Функционалды диагностика бөлімінде жоғары мамандандырылған дәрігерлер мен медбикелер жұмыс жасайды. Оның ішінде 11 дәрігер, 7- жоғары санатты, және 12 жоғары санатты медбикелер жұмыс жасайды. Функционалды диагностика бөлімінде орта сесппен жылына 18000 – эхокардиография, 20000 – дай Электроэнцефалографиялық зерттеу,  5000 –  Нейросонографиялық  зерттеу жүргізіледі.

 

Кардиологиялық бөлім

 

  1. Түрлі-түсті доплерлі Эхокардиографиялық тексру – ультрадыбыстық толқындар арқылы жүректің құрылысын және жұмыс бағалайтын бірден бір тексеру.  Эхокардиографиялық тексру бір орнында тұрмай одан әрі дамып, қазіргі таңда Жүрек – қантамыр жүйесінің қызметін тексеруде «ең маңызды» және «сенімді» әдістердің бірі. Эхокардиографиялық тексру жүрек  қуыстарының өлшемдерін, жүрек бұлшықетінің қалыңдығын және жиырылу көрсеткішін, аортаның өлшемін, жүрек қақпақшаларының жағдайын, туа пайда болған және жүре пайда болған ақауларды анықтауда маңызды тексеру әдіс. Тексеруді алдыңғы қатардағы заманауи құрал-жабдықтармен жоғары мамандандырылған жоғары санатты дәрігерлер жүргізеді. Ультрадыбыстық жүйе төмендегіалдыңғы қатардағы заманауи құрал-жабдықтармен: GE «Vivid 5S», «LOGIC-5», PHILIPS «HDI11»,PHILIPS «IUI22»,«VIVID E9» тексеріледі.

 

  1. Өңешарқылы Эхокардиографиялық тексру –  ультрадыбыстық датчик өңеш арқылы зонд көмегіменжүректің құрылысын нысаналы түрде жүргізеді. Бқл әдістің артықшылығы трансторакальды Эхокардиография көмегімен күмәнді патологияларда, туа пайда болған және жүре пайда болған ақауларды, жүрек қақпашаларының өсінділерінде (вегетация), және жүрек қуысындағы тробмтыанықтауда маңызды тексеру әдіс.

 

  1. Тәуліктік  (Холтер)   электрокардиограмма монитрингі – 3 немесе 12 тіркемеде  тәуліктік және одан да ұзақ мерзімде үзіліссіз электрокардиограмма  түсіру, науқастың күнделікті өмірдегі жүректің ырғағын және әртүрлі жағдайда жұмысын бақылау. Тәуліктік  (Холтер)   электрокардиограмма  MARS PC жүйесімен  GE және BTL – 08 (Ұлыбритания)  фирмаларының аппаратттары, төмендегі патологияларды анықтауға толыққанды мүмкінгі бар:
  • сирек кездесетін жүрек ырғағының және өткізгіштігінің бұзылысын анықтауда, талма жағдайының пайда болу себебін анықтауда;
  • Электрокардиостимулятордың жұмысын бақылау және аритмияға қарсы дәрі-дәрмектің әсерлілігін бақылауда;
  • Аритмияға қарсы дәрі-дәрмектің болуы мүмкін жанама әсерлерін анықтауда;
  • Жүректің жасырын коронарлық патологияларын анықтауда, ауырсынусыз болатын жүректің ишемиялық ауруларын анықтауда және өтпелі  жүректің ишемиялық ауруларын анықтауда;
  • Ауырсынуға қарсы дәрі-дәрмектің әсерлілігін бақылауда.

 

  1. Тәуліктік  артариялдық қан қысымды өбақылау– артариялдық қан қысымды қалыпқа түсіретін дәрі-дәрмектің әсерлілігін бақылау мақсатында жүргізілетін әдіс.

 

  1. Электрокардиограмма – көпканалды сандық электрокардиограф арқылы электрокардиограмманы тексеру.

 

  1. Тредмил тестарнайы жүгірмелі жол – физикалық жүктеме кезінде электрокардиографиялық зерттеу жүргізу.

 

Төмендегі патологияларды анықтауға көмектеседі:

  • Физикалық жүктеме жүрек – қан тамыр жүйесінің реакциясын анықтауға
  • төзімділікті анықтауға
  •  миокард ишемиясының эпизодын анықтауға
  • физикалық жүктемемен байланысты жүрек  ырғағының бұзылысын анықтауға
  • Коронарлы қан айналымға байланысты кеуде тұсындағы ауырсынумен байланысты анықтауға

 

 

Пульмонологиялық бөлім

Сыртқы тыныс алу жүйесініңқызметін тексеру, бұлалдыңғы қатардағы заманауи құрал-жабдық Micromedical (ҰЛЫБРИТАНИЯ) – мен жүргізіледі. Сыртқы тыныс алу жүйесініңтөмендегі қызметтерін:

  • Тыныс алу жүйесін
  • Бронхиалды өткізгіштігін
  • Ауамен толықтығы
  • Эластикалық жағдайын
  • Дифузионды мүмкіншілігін

 

Бұл тексеру бронх-өкпе сырқаттарын ерте және сенімді анықтауға, және де жоғары қатерлі топтағы (темекі шегетін, тұқымқуалаушылық тыныс алу ақаулары) науқастарды тексеруде маңызды әдіс.

 

Неврологиялық бөлім

 

  1. Электроэнцефалография (ЭЭГ) – мидың биопотенциалды қызметін 16 тіркемеде  жазу. Бұл әдіс 16 каналды «НЕЙРОСОФТ» (Ресей) және 30 каналды «NIKOLET» (АҚШ) электроэнцефалографпен жүргізіледі. Электроэнцефалографиялық тексеру жүйке жүйесінің түрлі сырқаттарымен жағдайларында мидың белсенді қызметін бағалау үшін жүргізіледі. Зерттеудің негізгі артықшылығы: зақымсыз, қауіпсіз, жоғары сезімталдық және тырысу ұстамасында, әртүлі себепті энцефалопатияда емнің әсерін және динамикалық бақылауға мүмкіндік туғызады.
  2. Реоэнцефалография –  артериалды және венозды тамырдың тонусын тексеретін әдіс, бұл зерттеу Ресейлік аппаратпен жүргізіледі.
  3. Нейросонография – ашық еңбек арқылы екі жасқа дейінгі балардың  бас-ми қанайнымының жағдайын және патологиясын анықтайды. Бұл әдісті алдыңғы қатардағы заманауи эксперт және премиум санатты  ультрадыбысты аппараттармен зерттеу жүргізіледі.
  4. Электронейромиография – бұлшық ет, сондай-ақ тікелей жақын орналасқан нерв ұшының жай-күйін бағалауға мүмкіндік береді. Рәсімдер кезінде перифириялық нервтің электрлі импульсі көмегімен стимуляциялау жүргізіледі, бұдан соң бұлшық еттің  жауабы аппаратпен белгіленеді.

 

    • Бұлшық ет талшықтарының тітіркендіретін фактор әсерінен жиырылу қабілетін бағалау;
    • Нерв арқылы импульстердің өтуі саны мен жылдамдығын өлшеу
    • Нерв тінінің зақымдалған жерін анықтау.

 

Көрсетімдер

  • Әр түрлі формадағы полинейропатия
  • Нерв ұштарының қысылуы немесе зақымдануы
  • Білектің туннелдік синдромы
  • Перифериялық нейропатия
  • Невриттер
  • Остеохондроз
  • Омыртқааралық дискінің протрузиясы

 

Ангиология

Ультрадыбыстық жүйе төмендегі  алдыңғы қатардағы заманауи құрал-жабдықтармен: GE «Vivid 5S»,  «LOGIC-5», PHILIPS «HDI11», PHILIPS «IUI22»,  «VIVID E9» тексеріледі.

  1. Қан-тамыр жүйесін ультрадыбысты доплерлі әдіспентексеріледі. Бұл әдісті алдыңғы қатардағы заманауи эксперт және премиум санатты  ультрадыбысты аппараттармен зерттеу жүргізіледі. Зерттеудің негізгі артықшылығы: алынған қорытындының сенімділігінде, инвазивті емес, зақымсыз, қауіпсіз, жоғары сезімталдық, қолжетімді және тиімді, қарапайымдылығы, және емнің әсерін және динамикалық бақылауға мүмкіндік туғызады.

 

  1. Төмендегі патологияларды анықтауда:
  • Аорта және оның тармақшаларының (стеноз) патологиясын анықтауда
  • Брахиоцефальды артерияның патологиясы анықтауда
  • Туа пайда болған қол-аяқ тамырларының ақауларын анықтауда
  • Жүре пайда болған қол-аяқ тамырларының  ақауларын анықтауда
  • Тамырдың қабырғаларының жағдайын, қалыңдығын бағалауда
  • Атересклероз және тамырдың қабыну ауруларын анықтауда

 

Және де бұл әдіспен тамырдың қан айналымын, тамыр қабырғасының зақымдалу аймағын және ишемиялық өзгерістің дәрежесін анықтайды, кейіннен осы әдістің нәтижесімен ары қарай емнің түрін анығырақ операцияға көрсеткіштің бар-жоқтығын анықтайды.

Біздің бөлімшенің дәрігерлері әрқашан жоғары дәрежеде мамандандырылған көмек беруге дайын.

 

 

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК

Мекен-жайы:

Email:

ҚР, Шымкент қ., А. Байтұрсынов к-сі, 68а

diagnostika@shymzdrav.kz

phone icon 1415
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 36-71-32
Медициналық мекеменің байланыс орталығы