Клиникалық-диагностикалық зертхана
Клиникалық-диагностикалық зертхана
ОМЗ зертханалық ақпараттық жүйесімен онлайн тәртібінде жұмыс жүргізетін Облыстық консультативтік диагностикалық медицина орталығының бір құрылымдық бөлімі болып табылады.
ОМЗ 2014 жылы ақпан айында облыс тұрғындарына және қалалық емханаларға медициналық көмектің сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында диагностикалық орталық негізінде ұйымдастырылған.
Орталықтандырылған медициналық зертхана:
- ескішіл жұмыс түрлері мен қағаз құжаттардың санын азайту;
- кадр ресурстарын ұтымды пайдалану, қателер санын азайту және зерттеулерді орындау мерзімін қысқарту есебінен медициналық қызмет сапасын жақсарту;
- ақпараттарға оперативтік қолжетімді зерттеулерді орындалуынша электрондық поштамен тапсырушыға жөнелту;
- өндіріс үдерісін басқару, зертхана өнімділігін арттыру;
- қымбат бағалы зертханалық анализаторларды тиімді орналастыру
ОМЗ-ның негізгі міндеттері:
- ОҚО тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде зертханалық зерттеулердің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- халыққа диагностикалық көмек көрсетуді дамыту және жетілдіру;
- талдамалық сипаттамалары жоғары зертханалық зерттеулер жүргізу:
- жоғары технологиялық зертханалық жабдықтарды тиімді пайдалану
ОМЗ-да қан алуға арналған арнайы 3 кабинет жұмыс істейді, оның біреуі ауыр науқастар мен мүгедектерге арналған.
Зертханада зерттеулердің сапасын басқару жүйесіне көп көңіл бөлінген, 2013 жылдан зертханалық зерттеулердің сапасын іштен және сырттан бақылауға арналған RANDOX RIGAS, BIO- RAD компанияларының бақылау материалдары қолданылады.
ОМЗ-да бүгінгі таңда 350 –ден астам зерттеулер түрі жүргізіледі
Байланыстар
ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МККМекен-жайы:
Email:
ҚР, Шымкент қ., А. Байтұрсынов к-сі, 68а
diagnostika@shymzdrav.kz