about us icon Біз туралы

Медициналық тіркеу орны

diagnostika photo

Тіркеу орнының қызметі Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымның тіркеу орнының қызметі туралы нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 8 тамыздағы № 557 бұйрығының негізінде ұйымдастырылған, 2013 жылдан бері ұйымның қызметіне медициналық ақпараттық жүйесімен «Электрондық регистратура» жұмысы ендірілді. Консультативтік-диагностикалық орталықтың тіркеу орнында 12 медициналық тіркеуші халыққа қызмет көрсетеді, олардың 2-еуі биосынамалар мен пациенттерді тіркеу, одан әрі бар-кодтарды ресімдеумен, оларды зертханалық ақпараттық жүйеге енгізумен айналысады.

Орталықта ауыр науқастарға, қарттарға және мүгедектерге арналған жеке қан алу кабинеті, ал жұқпалы аурулармен ауыратын пациенттерге қызмет көрсететін фильтр кабинеті жұмыс істейді.

Тіркеу орны консультативтік диагностикалық орталықтың жұмысы кезінде үздіксіз байланыспен қамтамасыз ететін ішкі және қалалық телефондық байланыс желісімен жабдықталған. Тіркеу орнында пациенттер үшін алдын ала жазылу күнделікті сағат 1600-ден 1800-ге дейін жүргізіледі. Тіркеу орнында кезектілікті оңтайландыру мақсатында тіркеушілерге кезекті реттеу үшін терминалдар орнатылған. Пациенттің медициналық тіркеу орнына кезекті күту уақтысын қысқарту мақсатында Орталықта көрсетілетін медициналық қызметтер туралы мәлімет алуға, жазылуға болатын электрондық жазылу ақпараттық киоскі орнатылған.

Тіркеу орнында медициналық тіркеушілер келесі қызметтер көрсетеді:

 

1. Дәрігер қабылдауына маршруттық парақты ресімдеу;

2. Өтінішпен келгендерді, телефон арқылы хабарласқандарды, КДҚ веб-сайты және АЕК порталы арқылы пациенттерді дәрігер қабылдауына, инструменталдық-диагностикалық зерттеулерге алдын ала жазу;

3. Тіркеу кезінде пациенттің деректері туралы ақпарат электрондық тіркеу базасында сақталады.

Қарттарға, мүгедектерге қызмет көрсететін жауапты медициналық регистратор және жеке терезе бөлінген. Тіркеу орнында қарттарға, мүгедектерге арналған 6 бірлік арнайы медициналық арбалар, сонымен қатар, балалы пациенттер үшін балаларға арналған арбалар бар.

Тіркеу орнының жанында қабырғаға ілінген көрнекілік ақпараттарда:

 

1. Азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету ережелері;

2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесі;

3. Халыққа көрсетілетін консультативтік-диагностикалық қызмет тізбесі;

4. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар тізбесі;

5. Медициналық көмек қызметіне жүгіну тәртібі;

6. Кабинеттер мен құрылымдық бөлімдердің орналасу схемасы (атауы және нөмірлері, кабинеттерге және бөлімшелерге бару маршрутының сілтемелері;

7. Дәрігерлер және емдеу-диагностикалық құрылымдық бөлімдердің жұмыс кестелері (дәрігердің тегі, аты, әкесінің аты толығымен, мамандығы, кабинеттің нөмірі, қабылдау күні және уақыты);

8. Ұйымның азаматтарды қабылдау тәртібі;

9. Ұйымның әкімшілігі туралы мәліметтер – бас дәрігер және оның орынбасарларының аты-жөні, лауазымдары, кабинеттерінің және телефон нөмірлері, сонымен қатар, сенім телефоны мен пациентке қолдау көрсету қызметінің телефоны;

10. Басшының және оның орынбасарларының қабылдау уақытысы мен орны.

Байланыстар

ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК

Мекен-жайы:

Email:

ҚР, Шымкент қ., А. Байтұрсынов к-сі, 68а

diagnostika@shymzdrav.kz

phone icon 1415
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 36-71-32
Медициналық мекеменің байланыс орталығы