about us icon Біз туралы

Гинекология бөлімшесі  –  32 төсек орын

Гинекология бөлімшесі облыс тұрғындарына және жүкті, босанғаннан кейінгі әйелдерге білікті және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін ашылды. Бөлім 32 төсек-орынға арналған.

Эндоскопиялық оталар мен басқа да гинекологиялық оталарды гинекология бөлімшесіне табысты ендіру 2010 жылдан басталды. Бөлімшеде жасалатын эндоскопиялық оталар: жатыр мойны үсті жатыр ампутациясы, экстирпация, синтетикалық талшықпен істелінетін пластикалық оталар.

Қазіргі уақытта гинекология бөлімшесінде ургентті және жоспарлы түрде лапароскопиялық жатыр экстирпациясы мен жатыр мойын үсті ампутациясы, жатыр қосалқыларына істелінетін лапароскопиялық оталар, жатыр пластикасы, ішкі жыныс ағзаларының түсу кезіндегі пластикалық оталар және жатыр артериясының эмболизациясы толық көлемде жасалады.

Бөлімше заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, атап айтқанда эндовидеохирургиялық «Olimpus» фирмасының тұрағымен жабдықталған.

Гинекологиялық сырқаттардың диагностикасына клиникалық биохимиялық зертхана, рентгендік зерттеу, эндоскопиялық жабдықтар кеңінен қолданылады.

2010 жылдан бөлімшеде эндовидеохирургиялық жабдықтармен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі. Жылына бөлімшеде 325 жоғары мамандандырылған медициналык кемек оталары жасалды.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru