about us icon Біз туралы

Асқазан-ішек жолдарының және эндокринді органдардың хирургиясы бөлімшесі – 40 төсек-орын

Бөлімше 40 төсекке есептелген.

Бөлімшеде негізгі ем жүргізілетін сырқат түрлері: өңештің аурулары және жарақаттары, асқазан жарасының тесілуі, асқазан-ішек жолдарынан қан кету, аш ішек және тоқ ішек аурулары (қатерсіз ісіктер, долихосигма, Гиршпрунг ауруы, Крон ауруы, созылмалы геморрой), іштің жарықтары, құрсақ қуысының эхинококк және кистозды аурулары,

ішек өтімсіздігінің барлық түрлері, өкпенің, плевраның және аралык органдардың ірінді, ісікті, паразитарлық аурулары (өкпе абсцессі, бронхоэктаз, өкпе эхинококкозы,

экссудативті плевриттер, спонтанды пневмоторакс, өкпенің диссеминацияланған процесстері, тератодермоидты целомикалық кисталар жене өкпеаралык органдарының

қатерсіз ісіктері, медиастиниттер, кеуде қуысы травмалары, өңештегі, тыныс алу жолдарындагы бөгде заттар, кеуде қусынын әр-түрлі деформациялары) және эндокринді органдар аурулары кезінде хирургиялық ем жүргізіледі.

Бөлімше дәрігерлері жақын және алыс шетелдерде үнемі біліктілігін арттырады, өз жұмыстарын заманауи талаптарға сәйкес жүзеге асырады.

Кеуде қуысы мен іш қуысының әртүрлі патологияларында эндовидеохирургиялық әдіспен операциялар жасалады.

Әр түрлі тақырыптарда шеберлік сыныптары ұйымдастырылады, бұл өз кезегінде облыс пен қала тұрғындарына толыққанды хирургиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru