about us icon Біз туралы

Ортопедия бөлімі – 48 төсек-орын

2006-2010 жылдар аралығында ортопедиялық-травматологиялық сырқаттарды зерттеудің заманауи тәсілдері қолданыла бастады. Соның ішінде ірі буындарды ультрадыбыстар арқылы зерттеу, компьютерлік және магниттік-резонанстық томографияны пайдалану қолданысқа енгізілді. Жамбастағы, басқа да ірі сүйектердегі сынықтарды операциядан кейінгі кезеңде гипссіз емдеу тәсілдері қолға алынды.

Ортопедия бөлімшесі әлемдегі ең озық құралдармен жабдықталды. «Карл Шторц» аппаратымен қолға алынған артроскопия әдісімен буын зақымдарын тез арада емдеуді кеңінен тәжірибеге енгізді. Жаңа әдістер меңгерілді.

Айталық, жамбасқа, тізе буындарына АҚШ-тың «Де-пью», сондай-ақ «Страйкер» фирмаларының цементсіз эндопротездерін қою, Ресейдің «Деост» фирмасының буын сүйектерін бірқалыпты ұстап тұратын пластиналарын қою тәжірибеге енгізілді, аяқ-қол сүйектерінің күрделі ашық сынықтарында қолданылатын «Hofman-2» аппараты қолданыла бастады. Кәзіргі таңда эндоротездеу дамуы жалғасуда. Айталық, жамбас сүйектерінің остеоситезі жаңа тәсілі еңгізілді, үлкен буындарды ревизиялық эндопротездеу тәсілі енгізілді.

2022 жылдан бастап германиялық «Zimmer» фирмасының, 2023 жылдан бастап Қытай елінің «Chunli» фирмасының эндопротездерін қою тәжірибеге енгізілді. Қазір мұнда жыл сайын Еуропаның ең озық клиникаларындағы жоғары мамандандырылған көмек жүйесі деңгейінде қозғалу және тірек аппараттарына 300-400 қымбат әрі күрделі операциялар жасалады.

Бүгінде Облыстық ауруханасы ортопедия бөлімшесінің мүмкіндігі мол. Сүйек-буындар жүйесіндегі сырқаттардың, тағы басқа себептермен зақымданған буындарға жылына 1500-ден астам операция жасай алады.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru