about us icon Біз туралы

Гематология   бөлімшесі  –  30 төсек-орын

 

Гематологиялық бөлімшесі Түркістан  облысы және Шымкент қаласы  тұрғындарына  мамандандырылған  кәсіби  көмек көрсетеді. Бұл  бөлімшеде 30 төсек-орын бар. Гематология бөлімшесінде қан түзуші жүйенің қатерлі ісіктері (жедел және созылмалы лейкоздар), миелодиспластикалық синдром, апластикалық анемия, гемолиздік анемия, иммунды тромбоцитопения, VIII-IX фактордың тапшылығы (гемофилия А, В) аурулары және олардың асқынулары емдейтін медицинаның күрделі саласы болып табылады.

Бөлімшеде барлық науқастар  республикалық бюджеттің есебінен тегін ем алады. 2020   жылға  дейін   бөлімшеде  миелограмма, цитохимиялық  зерттеу, қанның коагуляция факторларының деңгейін анықтау  әдістері  қолданылып келді.

Бүгінгі таңда қатерлі гематологиялық диагноз қойылған жүздеген науқастар гематолог бақылауында тұрады. Олар амбулаторияда  дәрі-дәрмектермен  тегін  қамтамасыз  етіледі.

 

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Областная клиническая больница Туркестанской области"

Мекен-жайы:

Email:

ул. Майлыкожа, д. 4

gkkp_okb@mail.ru